«Жарқын жүзіңіз жадымызда. Профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов: дәрігер, ғалым, ұстаз».
2026-10-30
Іс-шаралар Ғылым Оқыту Серіктестік Нұсқаулықтар Хирургия
ОТЫРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Құттықтау және кіріспе сөз.
«Жарқын жүзіңіз жадымызда. Профессор Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов: дәрігер, ғалым, ұстаз».
Баяндамашы: Нағыманов Болат Әбікенұлы.
2. «Жаңа туған нәрестелердегі өңеш атрезиясы: біздің тәжірибеміз».
Баяндамашы: Құрманалиев Мейіржан Бекетұлы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.
3. «Балалардағы иық сүйегінің айдаршықүсті сынықтарын емдеудің патогенетикалық негіздемесі».
Баяндамашы: Қасымжанов Асқар Нұрғұлжаұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, Торегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының доценті.
4. «Гиршпрунг ауруының тотальді түріндегі Гиршпрунг ауруымен байланысты энтероколиттің ауырлық дәрежесін стратификациялау: клиникалық маңызы және емдеу тактикасын таңдау».
Баяндамашы: Танат Зияда Хапбасқызы, «Астана медицина университеті» КЕАҚ балалар хирургиясы кафедрасының аға оқытушысы, жоғары санатты балалар хирургі, MHC, MEd, PhD докторанты.
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Күні: 2026 жылғы 13 қараша.
Уақыты: 16:00.
Өтетін орны: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32, 3-қабат, Үлкен конференц-зал.
Сіздерді отырысымызда көруге қуаныштымыз!
Құрметпен,
Астана қаласының Балалар хирургтері қоғамы.